Спорт
1437367 Ол өмірінде жаңа кезеңнің басталғандығын жазған ➨ Читайте больше на NUR.KZ Около спорта

Барлық медалінен айырылып қалған Майя Манеза бизнеске бет бұрды

Майя Манеза «Mei Li» атты денсаулық және сұлулық орталығын ашты. Зілтемірші бұл жөнінде Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Барлық медалінен айырылып қалған Майя Манеза бизнеске бет бұрды

Фото: INSTAGRAM

Бизнеске бет бұрған Майяны құттықтап, кəсібіне сəттілік тілеп жатқан оқырмандар көп. Спортшы қыздың мұндай игі қадамына жұртшылық шынайы ықыластарын білдіріп, алғыстарын айтуда.

Майя жаңа орталықта түрлі қызмет көрсетілетінін жазған. "Біздің орталық өз жұмысын бастайды. Қытай елінен тəжірибе жинақтаған дəрігерлер шақырылды. Іш құрылысы, тірек-қимыл аппараты, бедеулік сияқты сырқат түрлерін емдейміз", - дейді ауыр атлетші.

Сондай-ақ, ол өмірінің жаңа кезеңі басталғандығын жəне əр келушіні асыға күтетіндігін жеткізді.

Естеріңізге салсақ, Майя Манеза спорттық жаттығуларын жалғастыруда. Халықаралық Олимпиада комитеті Манезаның бұған дейінгі нəтижелерін допинг дауына қатысты жойғанымен, ол спортпен біржола қоштасқан жоқ.

2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасында бақ сынауы əбден мүмкін. 2013 жылы зілтемірші Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шыққан Майя бүгінде бір ұлдың анасы.

Тағы оқыңыздар:

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Бағым Мұхитденова: Бақытбек Баянды кез-келген еркектен қызғанатын

Головкин: Madison Square Garden екінші үйіме айналды, сондықтан қорықпаймын

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .